icon__search

Алдымен

Иса оларға:
— Соңымнан ерiңдер! Мен сендердi балық аулағандарың сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетiн етемiн, - дедi (Марқа 1:17).

Бұл бес қадам сізге Иса Мәсіхтің соңынан еруді дұрыс бастауға көмектеседі.

Құтқарылу үшін сіз өзіңізге, өзіңіздің жақсы істеріңізге ғана сенуді қойып, тек Иса Мәсіхке ғана сенім арта бастаңыз.

Себебi Құдайдың рақымымен, Мәсiхке деген сенiмдерiң арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздерiңнiң жетiстiктерiң емес, Құдайдан келген сый, сондықтан игi iстерiмнiң арқасында құтқарылдым деп ешкiм мақтанбасын (Еф.2:8,9).

Киелі жазба күнә деп атағандардың барлығын бас тартыңыз.

Бiрақ Құдайдың салған негiзi берiк тұрады, онда мына сөздер «мөрленiп» жазылған: «Иемiз қарамағындағыларын жақсы бiледi» және «Иемiздiң атына сиынатын әркiм жамандықтан алшақтасын!» (2 Тім.2:19).

Шағын шәкірттер тобына және апта сайын болатын Құдайға арналған қызметке барыңыз.

Өзара сүйiспеншiлiк көрсетiп, игiлiк iстеуге қозғау салудың қамын ойлайық. Кейбiреулер сенушiлердiң жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал бiздер солай iстемей, бiр-бiрiмiздi одан бетер жiгерлендiрейiк. Иемiздiң қайтып келетiн күнiнiң таяп қалғанын бiлесiңдер ғой (Евр. 10:24,25).

Киелі кітапты күн сайын оқыңыз және оған мойынсұныңыз.

Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың (Еш.1:8).

Басқаларға өзіңіздің Иса Мәсіхтің соңынан ергеніңіз туралы айтып беріңіз.

Бiрақ Иса рұқсат бермей: — Үйiңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенiң өзiңе не iстегенiн, қалай рақым еткенiн айтып бер! — дедi. Әлгi адам барып, Исаның өзiне не iстегенiн Онқала аймағында жариялай бастады. Естiгендердiң бәрi таңданып, қайран қалысты (Мар. ).