icon__search

АЛҒЫСӨЗ

Дұрыс бастама

1974-жылдан 1979-жылға дейін Рон деген жас, жаңа жетекші, бағушы Джексон қаласының (Миссисипи штаты), (бұл қалада мен туып-өстім), барлық мектептерінде Ізгі хабарды әркімге, оны тыңдағандарға немесе тыңдамағандарға, батылдықпен айтты. Осы жылдары сансыз көп жасөспірімдер өмірлерінде бірінші рет Құдайдың құтқару жоспарын естіді және түсінді; жүздеген жасөспірім оны қабылдады. Олардың көбісі жастардың жетекшілері, бақташы, елші ретінде және жаңа қауымды орнатушы ретінде толық уақытты қызметкерлер болды.

70-жылдардың ортасында Ізгі хабарды Ронның айтуымен естігендердің бірі мен болдым. Алайда Рон арқылы Ізгі хабарды алғашқы рет естіген кезде, мен тәубеге келу жайында ойлаған жоқпын, керісінше, мен олардан қаштым. Мен Роннан, оның шәкірттерінен, Құдайдан қаштым. Осылайша мен жарты жылдай Роннан әртүрлі сылтаулармен қашып жүрдім. Әрине бұл оңайға соққан жоқ, себебі бұл адам маған барлық жерде жүрген сияқты болып көрінді. Ол әрбір баскетбол, футбол ойындарында болды. Ол мектептің дәлізінде, асханада, аулада болды. Ол өзінің жанындағы жігіттермен бірге мені үнемі қауымдағы әртүрлі кездесулерге, таурат сабақтарына, сиыну қызметтеріне, жастар кешіне шақырды. Ақырында, 1975-жылы, қараша айында мен Ізгі хабарды қабылдадым. Мен тәубеге келіп, тек Исаға сенім арта бастадым.

Бақытыма қарай, осымен барлығы аяқталған жоқ. Ронның мақсаты – өзінің тозығы жеткен Киелі кітабына тағы да бір адамның жаны құтқарылғандығына белгі қою емес еді. Оның қызметінің мәнісі құтқару ғана емес, шәкірттерді тәрбиелеу болды, сондықтан оның менімен жұмысы енді басталды. Ол мені жастардың бір тобына ертіп апарды, сегіз адамнан тұратын топ апта сайын кездесіп, Құдайдың соңынан қалай еруді оқып үйрендік.

Мен Ізгі хабарды таратуға, жеке қарым-қатынасты қолдауға және шәкірттікке сенемін. Рон маған Ізгі хабарды айтты, бірақ мен оны қабылдамадым. Мен одан қашып жүрдім, ал ол менен қалмады. Ол менің соңымнен жарты жыл бойы жүгірді, маған уағыз айтты, мен үшін сиынды. Ол менен қалмай қойды. Бұны жеке қарым-қатынасты қолдау деп айтайды.

Мен Ізгі хабарды қабылдағаннан кейін, Рон мені шағын топмен бірге оқытып, үйретті. Ол маған Киелі жазбаны қалай оқуды, Құдайдың Сөзімен қалай өмір сүруді үйретті. Қалай сиынуды үйретті. Сеніммен қалай бөлісуді және шәкірттерді қалай тәрбиелеуді үйретті. Бұл жеке шәкірттік болды.

Жеке қарым-қатынас және шәкірттік. Бұл ұлы аманат. Бұл кішкентай кітап осы туралы.

«Жеке, көзбе-көз, оңаша» (Один на один) кітабы жеке қарым-қатынасты және шәкірттікті қолдау үшін қарапайым оқу құралы ретінде жазылған. Бұл оқу құралы. Ол шәкіртті тәрбиелемейді, бірақ сізге осыған көмектеседі. Сондай-ақ, ең маңыздысы, сенімге жаңа келген адамға дұрыс бастама алуға көмектеседі.

Стив Мюррелл
Манила (Филиппин), 1996 жыл