icon__search

ТӘУБЕГЕ КЕЛУ

Жаңа бағыт

Петiр оларға былай деп жауап бердi: — Әркiм күнәсының кешiрiлуi үшiн терiс жолдан қайтып, шомылдыру рәсiмiнен өтсiн! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелi Рухын қабылдайсыңдар
(Елш. 2:38).

Бір жақты қимылды жолда дұрыс бағытта жүрмеу қауіпті (бұл ақымақтық!). Кейбіреулер білмегендіктен бір жақты қимылды жолмен жүреді. Ал басқалары білсе де, бүлік шығарып, солай істейді. Рухани әлемде де солай. Адам білмесе де немесе әдейі істесе де, егер де бір жақты қимылды қауіпті жолмен жүретін болса, ең соңында ол Құдайдан ажырап қалады. Біз бұрылып, дұрыс жолға түспейінше (басқаша айтқанда, тәубеге келіп, теріс жолдан қайтпайынша) және Исаның соңынан ермейінше, біздің басқан әрбір қадамымыз қате бағытқа апарады, яғни Құдайдан алыстайтын жолға апарады.

ТӘУБЕГЕ КЕЛУ, ҚАЙҒЫ-ҚАСІРЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Шынымен де теріс жолдан қайту біз жүрегімізде жасаған күнәмізге өкініп, қайғырған кезде басталады. Сондай «Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет» өзін ақтауды ойламайды. Ол жауапкершілікті өз мойнына алады. Ол ешқашанда адамдарды, қоғамды, жағдайды кінәламайды. Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет біз Құдайға қарсы жасаған күнәні мойындайды. Осындай қайғыру теріс жолдан қайтып, өзгерген өмірге әкеледі.

Себебi Құдайдың еркiмен болған қайғы-қасiрет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткi болады. Кейiн соған өкiнбейдi де. Ал күнәкар дүниелiк қайғы-қасiреттiң нәтижесi — рухани өлiм
(2 Қор 7:10).

Саған сонда күнәмді ашық айттым, Әділетсіздігімді жасырмадым, Иеге кінәмді мойындаймын дедім, Сен сонда барлық күнәмді кешірдің
(Жыр 31:5).

Күнәкар дүниелiк қайғы-қасiрет тек өзін ақтауға тырысады. Ал Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет жүректен шығады, біз шын мәнінде киелі Құдайды ренжіткенімізді түсінеміз. Күнәкар дүниелiк қайғы-қасiрет – адамның ұсталып қалғанына өкіну немесе күнәнің зардабын шегетініне ренжу. Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет пен күнәкар дүниелiк қайғы-қасiреттің айырмашылығын нәтижесіне қарап білуге болады. Күнәкар дүниелiк қайғы-қасiрет адамның өміріне өзгеріс беретін жемісті әкелмейді, ол тек рухани өлімге әкеледі.

... «Терiс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрып, бұған лайықты iс iстеңдер!» — деп уағыз айтып жүрдiм
(Елш. 26:20).

Егер шынымен терiс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты iс iстеңдер!
(Мат.3:8).

ТЕРІС ЖОЛДАН ҚАЙТУ ЖӘНЕ КЕШІРІМ
Адасып, қайта оралған ұл туралы астарлы әңгімеде (Лұқа 15:11-24 қараңыз) шын жүректен тәубеге келген адамды суреттейді. Адасқан ұл ақылға келіп, өз ақымақ ісінен бас тартып, әкесіне қайта оралады. Ол 180 градусқа бұрылады. Ол өзінің бұрынғы күнәһар, бүлікшіл өмірін тастайды. Әкесі оны кешіріп, қайта қабылдайды. Тура сол сияқты, біздің көктегі Құдай Әкеміз де біз Оған бетімізді бұрып, күнәмізді мойындаған кезде кешіреді.

Сондықтан терiс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешiрiп, сендерге рухтарыңды жаңғыртатын мезгiлдi береді ...
(Елш. 3:19,20).

Сіздің жейдеңізде жуса де кетпейтін дақ бар ма? Сол жейденің дағын кетіретін дақ кетіргіш бар, ол тіпті жейдені жап-жаңа етеді. Біз теріс жолдан қайтып, Құдайдың кешірімін қабылдаған кезде дәл осылай болады. Құдай біздің жүрегіміздегі кінәні, ұят нәрселерді тазартып, бізге жаңа жүрек береді.

Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенiмдi де әдiлеттi болғандықтан оларды кешiрiп, бiздi барлық әдiлетсiздiгiмiзден тазартады
(1 Жох. 1:9).

БАСҚАЛАРДЫ КЕШІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бізді Құдай кешіргендіктен, Құдай да бізге қарсы күнә жасағандарды кешіруімізді айтады.

Сонда Петiр Исаның қасына жақындап:— Ием, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешiруiм керек? Жетi ретке дейiн бе? — деп сұрады. Иса:
— Жетi емес, жетi қайтара жетпiс ретке дейiн, — деп жауап бердi (Мат.18:21,22).

Ал егер де біз басқаларды кешірмейтін болсақ, Киелі жазбада айтылғандай, улы тамыр зор зиянын тигізеді.

Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы тамырды қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсiп кететiнi сияқты, мұндай адамдарың жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да елiктiрiп, арамдап, зор зиян тигiзетiн болады
(Евр. 12:15).

ЕШ ӨКІНБЕЙДІ
Теріс жолдан қайту дегеніміз күнәдан бас тарту және Құдайға бет бұру. Яғни біз өзімізді жақсы істерімізге, діншілдікке сенім артуды қойып, тек Исаға ғана сенім арта бастаймыз. Біз бұрын теріс жолмен жүрдік, ал енді қазір біз дұрыс бағытқа түстік. Біз бұрын Құдайдан қашып жүрдік, енді қазір біз Құдаймен бірге келе жатырмыз. Тәубеге келу – жаңа өмірдің басы. Теріс жолдан қайту бізді өзіміз үшін өмір сүрген жолымыздан бұрып, Құдайдың керемет мақсатындағы өмір жолына қояды. Құдайға бет бұру деген енді қайтып артқа қарамау және қабылдаған шешімге өкінбеу.

Себебi Құдайдың еркiмен болған қайғы-қасiрет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткi болады. Кейiн соған өкiнбейдi де...
(2 Қор 7:10).

Жеке қолдану:
Сіздің өміріңіз жаңа бағытпен келе жатыр ма?
Сіздің өміріңізде әлі де күресіп келе жатқан күнәлар бар ма?
Сіздің азғырылуыңызды немесе әлсіздігіңізді (батылсыздықты) жеңуге көмектесетін ерекше мінжат керек пе?
Сіз бас тартқан, бірақ кейбіреуінен әлі күнге дейін өзініңізді кінәлі сезінетін күнәлар бар ма?