ЖАҢА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Шимон Петiр: — Сiз Мәсiхсiз, мәңгi тiрi Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап бердi.
Иса оған: — Сен бақыттысың, Жүнiс ұлы Шимон, саған мұны адам баласы емес, көктегi Әкем бiлдiрдi! Бұдан былай сенiң атың Петiр («Тас») болады. Сол iргетастың үстiне Мен Өзiме сенушiлердiң қауымын саламын. Оны тiптi өлiмнiң күштерi де жеңе алмайтын болады
(Мат. 16:16-18).
Киелі Рухтың аян беруінің арқасында Петір Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп мойындады. Иса бұл шындық Оның қауымының іргетасы болатынын айтты. Иса сондай-ақ Өзі салатын қауымның – жеңімпаз қауым, қара түнектің патшалығын жеңетін қауым болатынын сипаттап берді. Иса мен Пауыл «қауым» деген сөзді Құдайдың халқына қатысты айтты. «Қауым» деген діни ғимарат емес.
Ары қарай жергілікті қауымға жататын төрт артықшылық айтайық.
Достық
Нағыз достар бәрімізге қажет. Көптеген адамдар оны табады. Жақсы досты қауымнан, Құдайдың халқының арасынан табуға болады. Нағыз достар – біздің қамымызды ойлап, жағдайымызды біліп отырады. Олар қуанышта да, қиыншылық кезде де үнемі біздің жанымыздан табылады. Нағыз достар бізді Құдайдан аулақ алып кетпейді. Керісінше олар біздің әділ, киелі өмір сүруімізге ықпал етеді.
Шынайы дос әрдайым жақсы көрер, қиыншылықта бауырыңдай көмектесер
(Нқл 17:17).
Бірін-бірі күйреткен доссымақтар бар, шынайы дос ағайыннан жақын болар
(Нқл 18:24).
Қатынасу, тілдесу
Егер де жанып тұрған көмірді пештен шығарып алатын болса, ол өшіп, суып қалады. Ал егер де оны жанып жатқан көмірдің арасына тастаса, ол қайтадан шоқ болып жана бастайды. Мәсіхшілермен де солай болады, егер де мәсіхші «шоқтай жанған» мәсіхшілердің қауымын тастайтын болса, ол рухани суып қалады. Ал егер де мәсіхшілермен араласып тұратын болса, ол Құдай үшін «оттай жанып» тұрады.
Олар елшiлердiң берiп жүрген тәлiмiн, араларындағы қарым-қатынастарын, нан үзу рәсiмiн және Құдайға сиынуды берiк ұстанып, жалғастыра бердi. Мәсiхке сенушiлердiң бәрi бiртұтас қауым болып, заттарын ортақ ұстады; (қажет болғанда) мал-мүлкiн сатып, содан әркiмге керегiнше берiп отырды. Олар күн сайын ғибадатханада бiр кiсiдей бiрге болды; сонымен қатар өз үйлерiнде де бас қосып, нан үзу рәсiмiн орындап, ақ көңiлмен қуана отырып, бiрге тамақ iшті
(Елш. 2:42, 44-46).
Сенбейтiндермен қоян-қолтық бiрге жүрiп, жаман ниеттерiне ортақтаспаңдар! Себебi әдiлдiк пен заңсыздық арасында ортақ не бар. Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ?
(2 Қор. 6:14).
Бас ию, мойынсұнып сиыну
Құдай шын жүректен сиынатындарды іздейді. Бас ию – бұл біздің Құдайға деген сүйіспеншілігіміз, сенімділігіміз және адалдығымыз.
Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенелiп, Әкеге шындап бас ұрып сиынатын уақыты болады, тiптi келе жатыр: Әке осындай бас ұрып сиынушыларды қалайды. Құдайдың Өзi — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенелiп, шындықпен сиынуға тиiс
(Жох. 4:23, 24).
Шәкірттік
Иса көкке көтерілердің алдында, Өзінің шәкірттеріне соңғы өсиетін айтты, оларға халықтарға барып, Оның шәкірттері етіп, тәрбиелеп, Құдайдың Сөзіне мойынсұнуға үйретуді және шомылдыру рәсімінен өткізуді тапсырды. Сондықтан да, ең алдымен біз өзіміз Исаның шәкірті немесе ізбасары болуымыз қажет, сосын ғана басқаларды Исаның соңынан еруге үйрете аламыз.
Сондықтан күллi халықтарға барыңдар! Оларды Менiң шәкiрттерiм етiп, Құдай Әкенiң, рухани Ұлының және Киелi Рухының атымен шомылдыру рәсiмiнен өткiзiңдер, әрi сендерге өсиет еткендерiмнiң бәрiн де ұстануға үйретiңдер! Естерiңде болсын: Мен бұл дүниенiң ақыр соңына дейiн әр күнi өздерiңмен бiрге болып, сендерге жар боламын!»
(Мат. 28:19, 20).
Өзiң менен естiп, көптеген кiсiлер растаған шынайы iлiмдi басқаларға да тәлiм беруге қабiлетi бар, сенiмдi жандарға аманатта!
(2 Тім. 2:2).
Жеке қолдану:
Сізді, жеке немесе үй қауымында болсын, шәкірт ретінде үйретті ме?
Сіз біреуді үйреттіңіз бе? Құдайдың Сөзіне мойынсұнуға сіз кімді үйреттіңіз?
Сіз жергілікті қауымның белсенді мүшесісіз бе?
Рухани дағдарыс кезінде сіз көмек сұрай алатын үш мәсіхшіні атаңыз.