ЖАҢА ӨМІР
Петiр оларға былай деп жауап бердi: — Әркiм күнәсының кешiрiлуi үшiн терiс жолдан қайтып, шомылдыру рәсiмiнен өтсiн! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелi Рухын қабылдайсыңдар. Оның сөзiн қабылдағандар шомылдыру рәсiмiнен өттi. Осылайша бұл күнi қауымға үш мыңдай адам қосылды (Елш. 2:38,41).
Халық Петірдің уағызын тыңдағаннан кейін, енді не істеу керектігін сұрайды. Петір оларға үш нәрсені айтып, бұйырды: теріс жолдан қайту, шомылдыру рәсімінен өту және Киелі Рухты қабылдау. Олардың мыңдағаны оны тыңдап, сенушілердің қоғамына қосылды. Киелі жазбаға сәйкес, шомылдыру рәсімінен өткен әркім Исаға сенетін бауырластардың қатарына қосылуы тиіс. Киелі Рухты қабылдаған әркім өз қауымының іс-әрекетіне белсенді қатысуы қажет.
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ
Шомылдыру рәсімінен өту арқылы біз Иса Мәсіхтің біз үшін айқышта не істегенін жариялаймыз. Бұл біздің құтқарылғандығымызды білдірмейді, бұл біздің Ізгі хабарға сеніп, Құдайға бет бұрғаннан кейінгі сенім мен мойынсұнғанымыздың белгісі. Шомылдыру рәсімін дұрыс түсіну үшін Киелі кітап бізге оны бірнеше мысалмен сипаттап көрсетеді. Мысалға, жерлеу және қайта тірілу. Пауыл мәсіхшілердің шомылдыру рәсімін жерлеумен салыстырады. Алайда жерлеу үшін алдымен өлу қажет. Тура сол сияқты, шомылдыру рәсімінің алғы шарты - біз күнә үшін өлуіміз қажет. Біз күнә үшін өліп, жерленген соң, өлімнен жаңа өмірге қайта тірілеміз.
«Бұдан қандай қорытынды шығады? (Құдай күнәларымызды кешiретiндiктен) Оның рақымы молайсын деп күнә жасай берейiк пе?» Жоқ, олай iстеуге болмайды! Өлген адам күнә жасамайды? Бiз (сенушiлер) де сол өлген адамдай күнәға жоқ болдық. Қалайша бұдан былай күнә жасап өмiр сүрмекпiз?! Өздерiң жақсы бiлесiңдер: Иса Мәсiхпен тығыз байланысқан бәрiмiз Онымен бiрге рухани өлдiк. Шомылдыру рәсiмiнен өткенде соны бiлдiрдiк. Демек, Мәсiхпен тығыз байланысқан бiздер Онымен бiрге рухани «өлiп, жерлендiк». Сонымен, Құдай Әке Өзiнiң ұлы құдiретiнiң арқасында Мәсiхтi өлiмнен қайта тiрiлтiп, жаңа өмiр бергендей, бiз де ендi жаңаша өмiр сүруiмiз керек! (Рим. 6:1-4).
Шомылдыру рәсімі арқылы біз бұрынғы күнәһар өмірімізді артта қалдырып, Иса Мәсіхтің билігіне мойынсұнған жаңа өмірді бастаймыз.
КИЕЛІ РУХҚА КЕНЕЛУ
Киелі Рухты және Оның құдіретін қабылдамай, біз Исаға куә бола алмаймыз. Иса Киелі Рух келген кезде бізге бар шындықты жеткізетінін айтып, уәде етті.
7 Сендерге шындығын айтайын: Менiң кететiнiм сендер үшiн жақсы! Себебi Мен кетпесем, сендерге Қамқоршыларың (Құдайдың Рухы) келмейдi; ал Мен барған соң, Оны сендерге жiберемiн.
13 Алайда шындықты бiлдiретiн Құдайдың Рухы келгеннен кейiн сендердi бар шындыққа жеткiзедi. Себебi Ол Өзiнен шыққан сөздi емес, көктегi Әкемнен естiгенiн айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды
(Жох. 16:7, 13).
Киелі Рух біздің куәлігімізді маңызды етеді. Куәгер тек шындықты айтып ғана қоймай, сондай-ақ шындықпен өмір сүреді. Біз Исаның куәгері ретінде, Киелі Рух бізге өзіміз жасай алмайтын нәрселерге және Құдай туралы шындықты жариялауға, шындықпен өмір сүруге көмектеседі.
Бiрақ сендер Киелi Рух өздерiңе қонғанда Оның құдiретiн қабылдайсыңдар, сөйтiп Иерусалимде, бүкiл Яhудея мен Самария аймақтарында және жердiң шетiне дейiн Маған куә боласыңдар
(Елш. 1:8).
КИЕЛІ РУХҚА ҚАЛАЙ КЕНЕЛУГЕ БОЛАДЫ
Киелі Рухты қабылдау – Алғашқы өнім мейрамына қатысқандарға ғана емес, ол әр сенушіге уәде етілген Құдайдың сыйы. Петір уағызында біз Киелі Рухтың дарындарын қалай қабылдай алатынымызды айтты.
Петiр оларға былай деп жауап бердi: — Әркiм күнәсының кешiрiлуi үшiн терiс жолдан қайтып, шомылдыру рәсiмiнен өтсiн! Сонда сендер Құдайдың сыйын — Оның Киелi Рухын қабылдайсыңдар. Себебi бұл уәде сендерге, балаларыңа және Құдай Иемiз шақыратын алыстағылардың бәрiне арналған
(Елш. 2:38, 39).
Киелі Рухты қабылдау үшін біз оны тек сеніммен сұрауымыз қажет.
Сонымен өздерiң күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды бiлсеңдер, көктегi Әкенiң Өзiнен сұрағандарға Киелi Рухын сыйлайтыны ешбiр шүбәсыз! (Лұқа 11:13).
Жаңа Өсиеттегі Исаның көптеген шәкірттері Киелі Рухты олардың үстіне қолдарын қойып, сиынған кезде қабылдады.
Екi елшi олардың үстерiне қолдарын қойғанда, самариялық сенушiлер де Киелi Рухты қабылдады (Елш. 8:17).
КИЕЛІ РУХТЫҢ ДАРЫНДАРЫ
Киелі Рухқа кенелген кезде рухани дарындар беріледі. Киелі Рухқа кенелу кезінде Киелі жазбада ерекше дарынды – бөтен тілдерде сөйлеу дарынын атап өтеді.
Бәрi Киелi Рухқа кенелiп, Оның өздерiне берген дарынына қарай бөтен тiлдерде сөйлей бастады
(Елш. 2:4).
Пауыл үстерiне қолын қойғанда, оларға Киелi Рух қонды; бұлар бөтен тiлдерде сөйлеп, Құдайдың хабарларын жеткiзе бастады
(Елш. 19:6).
КУӘ БОЛУҒА ӨКІЛЕТТІ
Иса біздің тиімді куәгер бола алуымыз үшін, бізге Киелі Рухтың қонатынын айтып, уәде берді. Киелі Рух бізге Ізгі хабарды таратуға қайда барсақ та күш-қуат береді.
Бiрақ сендер Киелi Рух өздерiңе қонғанда Оның құдiретiн қабылдайсыңдар, сөйтiп Иерусалимде, бүкiл Яhудея мен Самария аймақтарында және жердiң шетiне дейiн Маған куә боласыңдар (Елш. 1:8).
Жеке қолдану:
Сіз күнәларыңызды мойындап, тәубеге келдіңіз бе?
Құтқарылудың бір ғана жолы бар, ол тек Иса Мәсіх арқылы екендігіне сендіңіз бе?
Сіз Киелі Рухқа кенелдіңіз бе?
Сіз тәубеге келгеннен кейін шомылдыру рәсімінен өттіңіз бе?